"Негізгі орта мектеп-интернат"КММ 9 сынып оқушыларына аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру туралы.
"Негізгі орта мектеп-интернат"КММ 9 сынып
оқушыларына аттестаттарды салтанатты
түрде тапсыру туралы
08.06.2021 жылы сағат 10-да мектеп-интернаттың акт залында аттестаттарды салтанатты тапсыру өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларды тоғызыншы сыныптың аяқталуымен құттықтау және аттестаттарды салтанатты тапсыру. Іс-шараға педагогтар, әкімшілік, ата-аналар қатысты. Салтанатты түрде 19 түлекке аттестаттар табысталды. Мектеп директоры А.Т. Жетібаева, ОӘЖ бойынша орынбасары Г. и. Қарабаева, мұғалімдер, ата-аналар түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Түлектер мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Мектеп жылдары туралы өлеңдер, әндер, бейнефильм көрсетілді. Ата-аналар әкімшілікке, педагогтарға тоғыз жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан балаларына деген назары мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.