25
мамыр
2022
Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын.
2022 жылдың 25 мамырында "Негізгі мектеп-интернат" КММ-де дәстүр бойынша соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Осы көктемнің таңертеңгі мектеп залы мерекеге сай рәсімделіп, әрленді! Жиынға оқушылардың ата-аналары, қалалық білім бөлімінің психологиялық қызметінің әдіскері Нугуманова Айша Даулетканова, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Аубакиров Салауат Амиржанович шақырылды. Іс-шара жайма шуақ атмосферада өтті. Қалалық білім бөлімінің психологиялық қызмет әдіскері Нугуманова Айша Даулетканова, мектеп директоры Джетыбаева Анар Торехановна түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Олар түлектерге бітіру емтихандарын тапсыруда табыс және өздерінің ең үлкен жоспарларын жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Оқушыларға жақсы оқуы үшін және мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар, ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Түлектерді қамқоршылық кеңесінің төрағасы құттықтады. Оқушылар мектептің оқытушылар құрамына өз алғыстарын білдіріп, ән айтып, би билеп, мектеп тақырыбына арналған өлеңдер оқыды.









