Мектеп тарихынан... » Основная - средняя школа-интернат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Негізгі орта мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232)76-63-11
Есепші бөлімі:
+7(7232)76-63-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
тамыз
2021

Мектеп тарихынан...

   1950 жылдары балалар толық мемлекеттік интернатта болған мектептердің жаңа түрлері құрыла бастады.
Қазақ КСР білім беру қызметкерлерінің оқытуды қайта құру жөніндегі республикалық кеңесінің шешімін орындау үшін 05.03.1957 жылы Жаңа Согра кентінде Верх-Үлбі мектебінің негізінде облыста бірінші мектеп-интернат ашылды, оны Василий Семенович Крыгин басқарды.
Балаларды мектеп-интернатқа қабылдауды Шығыс Қазақстан облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті жүзеге асырды. 1957 жылдың 01 қыркүйегінде Согра № 1 мектеп-интернаты алғашқы 149 оқушыны қабылдады, ал төрт жылдан кейін ол республикадағы ең үздік атанды.
Жылдар өтті ... жыл сайын оқушылар саны артып, мектеп-интернат ғимараты енді бәрін сыйдыра алмады, дегенмен бастауыш сыныптар үшін жеке ғимарат салынды. 1963 жылы 30 тамызда № 1 мектеп-интернат Патрис Лумумба көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшті.
19.02.1964 жылы Өскемен қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің шешімімен № 1 мектеп-интернатқа Н.К.Крупская есімі берілді.
01.08.1994 жылы Өскемен қалалық Әкімшілігі Басшысының Өкімімен психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-интернаттың сынып-жинақтары педагог қызметкерлерімен бірге бөлініп, Крупская атындағы мектеп-интернатқа ауыстырылды. 
05.02.1999 жылы «Крупская атындағы толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ болып өзгертілді. 
06.01.2012 жылы "Жалпы білім беретін толық емес орта мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі "Өскемен қаласы әкімдігінің " Крупская атындағы толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
19.07.2017 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің "Крупская атындағы орталау жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің "Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
26.12.2018 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің "Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің "Негізгі орта мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
31.12.2020 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Негізгі орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.