Қайырымды істер марафоны » Основная - средняя школа-интернат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Негізгі орта мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232)76-63-11
Есепші бөлімі:
+7(7232)76-63-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ақпан
2021

Қайырымды істер марафоны

Біздің мектепте 22.02.2021 ж. "Әр құсқа жем салатын астау жасаймыз" атты экологиялық акция өтті.
Акцияның мақсаты оқушыларды қоршаған ортаны қорғау бойынша белсенділікке және тірі табиғатқа ұқыпты қарауға тарту болып табылады.
Акцияға бастауыш және орта буын оқушылары қатысты. Олар құстарға жем салғыш  жасады.


5б және 6б сынып оқушыларының "Огонек" тимуров еріктілер жасағы тәрбиешілер С.З. Смагулова мен В. В. Пактың басшылығымен 19.02.2021 ж. "Ардагер жаныңда тұрады"акциясына қатысты. Тыл еңбеккері Н.Н.Быкованы алғыс айту күнімен құттықтады.
2021 жылдың 18 -23 ақпаны аралығында "Қар тазалаймыз!"акциясы өтті. 
Мектептің  "Жас Ұлан" комитеті мектеп-интернат аумағында қар тазалау жұмыстарын ұйымдастырды .7-9 сынып оқушылар,  мектеп комитетінің мүшелері белсенді қатысып жолдарды қардан тазартты.