2024-2025 оқу жылында қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы туралы анықтама. » Основная - средняя школа-интернат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Негізгі орта мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232)76-63-11
Есепші бөлімі:
+7(7232)76-63-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылында қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы туралы анықтама.
18
қазан
2024

2024-2025 оқу жылында қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы туралы анықтама.

2024-2025 оқу жылында қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы туралы анықтама.
         Пәндік апталық тақырыбы:Оқушылардыңбілім сапасын көтеру үшін оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін қолдану.
         Мақсаты: ашық сабақтарды өткізу арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін жүзеге асыру.
         Міндеттері: 1. Мұғалімдердің шығармашылық өсуін қадағалау
                         2. Мұғалімдердің тәжірибесін жалпылау
         Мерзімі: 14.10-18.10.2024ж
14.10-18.10.2024жыл 
аралығында қазақ тілі мен ағылшын тілі
пәні апталығының жоспары

Өткізілетін күніАшық сабақтар, тақырыбы, сыныбыСыныпМұғалімнің аты-жөніУақыты,
Сабақ реті
Кабинет
1.15.10«Қасқыр мен тиін» 5А Адылханова А.А.4 сабақ206
2.16.10«Менің ағам» 2А сыныбыЖиенбаева Ж.Б1 сабақ 204
3.16.10«Мейірімді Нұрай»Жигитекова А.Е4 сабақ309
4.17.10«Болашақ энергиясы»Абай Л.Т3 сабақ208
5.18.10«Dragons and creatures»Толеухан А4 сабақ308
6.18.10«My Friend» Бакиева А.А2 сабақ310

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы  14.10-18.10 аралығында болып өтті. Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті.                                                           
      15 қазанда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Адылханова А.А., 5 «А» сыныпта  «Қасқыр мен тиін» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақты жаңартылған бағдарламасы бойынша өткізді. Мұғалім сабақта тақырыпқа байланысты көрнекілік құралдар мен дидактикалық материалдарды, АКТ-ны тиімді пайдалана білді. Сабақта «Кептерден хат» стратегиясы арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды. Сабақта «Ұялы телефон» бағалауға, «Сен білесің бе?», «Жұмбақ», «Lerningapps», «Каспий теңізіндегі балықтар» әдістерін тиімді пайдалана білді. Оқушылар қазақ тілінде төл дыбыстарды еркін айтады. Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сай құрылған. Аталған әдістер арқылы жеке, жұпта, топта тапсырмалар орындалып, оқушылар сабаққа белсене қатысты. Әр тапсырманы оқушылар өздері бағалап отырды. Балалар тек қазақша жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.                              
      16 қазанда  2 «А» сыныбында  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Жиенбаева Ж.Б., «Менің ағам» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабаққа әдіс- тәсілдерді оқушылардың деңгейіне, жас ерекшелігін ескеріп іріктеп алған. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, әр берілген тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақта «Шынжыр», «Ой қозғау», «Оқиғалар тауы», «Кубизм», «Бір сөйлем», «Кейіпкерге хат», «Жұдырық» әдістерін тиімді пайдалана білді. Бейнежазба, аудиожазба материалдарын пайдаланды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды. Жаңартылған бағдарлама бойынша әртүрлі әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланды. Мұғалім сабақтың мақсатына жетті.

16 қазанда 3«А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жигитекова А.Е, «Мейірімді Нұрай» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Мұғалім сабаққа жақсы дайындалған. Көрнекілік құралдары оқушылардың жас ерекшелігіне және деңгейлеріне сай әзірленген.  Оқушылар сабаққа түгел, белсене қатысып отырды. Мұғалім сабағында сұрақ-жауап, постер, сөздерді сәйкестендіру, сергіту сәті  «Асық» әнін, бейнефильм, «Миға шабуыл», «Ойлан тап», «Толық адам» әдістерін қолданды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.  Сергіту сәті сабақтың тақырыбына сай іріктеліп алынған. Жаңартылған бағдарлама бойынша әртүрлі әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланды. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын әртүрлі ойындарда болды. 
18 қазанда Бакиева А.А.,  6А сыныбында   «My Friend» тақырыбында   ашық сабақ берді. Сабақ барысында мұғалім жұмыстың көптеген түрлерін қолданды, атап айтатын болсақ: «Қар кесегі», «Миға шабуыл», «Постер», «Ассоциаграмма». Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізіліп, деңгейлңк тапсырмалар беріліп, кэмбридж технологиясының элементтері, ағылшын тілінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін 4 дағды қатар қолданылды. Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласты. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушының сөздік қорларын дамыта білді.                                     
17қазанда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абай  Л.Т., 8«А» сыныбында «Болашақ энергиясы»» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Ауызекі сөйлеу тілдері жақсы дамыған. Сабақ үстінде оқушылардың тәртібі, сабаққа деген қызығушылықтары көрініп тұрды. Мұғалім сабақта белсенді оқытудың: «Үш қадам», «Сұхбат» «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Аяқталмаған сөйлем», «Ассоциограмма» «Қақпа ойыны» әдіс- тәсілдері қолданып, оқушылар қызығушылықпен жұмыс істеді. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,  өз білімдерін көрсетті.  Сабақта  тақырыпқа сай көрнекіліктер, аудио, бейнематериалдар, АКТ қолданылды.     
18 қазанда ағылшын  тілі мұғалімі Толеухан А , 4«А» сыныбында «Dragons and creatures” тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ жүйелі, ойластырып құрылған. «Мәселені шешу», «Қима қағаздармен жұмыс», аудио, бейнематериалдарды оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолданды. Оқушылардың лексикалық және грамматикалық тақырыптарды жақсы деңгейде меңгергендігін көрдік. Балалар мұғалімді түсінеді, тапсырмаларды орындай алды.   Мұғалім  сабақтың мақсатына жетті.               
Апталықтың  бекітілген жұмыс жоспарындағы  барлық іс-шаралар   мазмұнды, мағыналы, сапалы  өткізілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив