02
желтоқсан
2021
Қыс мерзімінде халыққа жаднама
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды:
- бұрқасынды және қардың қалың түсуін күту кезінде, халыққа мүмкіндігінше көшеде жүруді шектеу, балаларды тек үлкендердің қарауында ғана жіберу ұсынылады.Қыс кезінде жолға шығар алдында метерологиялық ақпаратты тыңдап, ауа-райының өзгерісіне назар аударыңыз.
Түнде ауа-райының күрт жылынуынан жаппай қардың еруі мен қар көшкініне әкеп соқтыруын күту кезінде, қар көшкіні болатын тауларға немесе сол аудандардағы демалыс орындарына алыс жорықтарға шықпау ұсынылады.
Жылдамдығы 25-30 м/сек жететін желді күту кезінде, халыққа қауіпсіздік шараларын қолдану ұсынылады: төбеден, лоджиядан, балконнан жел соққан кезде ұшып кететін заттарды алып тастау; өндірісте сыртта жасалатын барлық жұмыстарды тоқтату. Ғимараттан тек қажет болған жағдайда ғана шығу, бірақта жалғыз шықпау.
300-450 С дейін күрт суытатын аязды, көктайғақты күту кезінде; халыққа көшелерде жүріп - тұруды шектеу, әсіресе жүргінші жолдарында аса сақ болу ұсынылады.
Қардың көп жаууы және сүңгілер!
Сүңгілерден сақ болыңыздар — бұл туралы Өскемен қаласының ТЖ басқармасы ескертеді. Қардың көптеп жаууы және жылы ауа-райы (аяздар) үйлердің төбесінде үлкен сүңгі түрінде мұздың қатып қалуына әкеп соқтырады. Құлау кезінде олар жүргіншілерді жарақаттауы мүмкін. Сонымен қатар, төбеден қар құлау қаупі бар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Өскемен қаласы ТЖБ-ның мамандары қала тұрғындарына ғимараттардың, үйлер төбелерінің астынан жүргенде байқап өтулеріне кеңес береді. Жарақаттанудың алдын алу үшін, ересектерге балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Сүңгілердің пайда болуының алдын алу үшін, төбелерді қардан үнемі тазалап тұру қажет. Мұздықтың және қардың түсуінен, төбенің құлауынан адам өліміне әкеп соқтыратын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, тұрғын - үй ұйымдары өз тарапынан сүңгілердің (мұздықтардың) құлауы мүмкін қауіпті учаскелерді қоршау, сонымен қатар ғимараттардың төбесін қардан тазалау бойынша шара қолданулары қажет.
Өскемен қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындарынан ірі мұз кесегінің немесе қардың түсуіне байланысты ғимараттардың қабырғасына жақын жүрмеулеріңізді, өте сақ және ұқыпты болуларыңызды талап етеді.
Қысқы кезеңде суайдындағы қауіпсіздік қағидалары
Суық түсісімен өзендер, көлдер қата бастағанда, тайғанақ мұздың бетіне шығуға балалар мен жастар, балық аулаушылар ұмтыла бастайды.Әсіресе балалар абайсыз болады. Бірақта үлкендер де мұзға түсіп кету қаупімен санаспай жатады. Құмарлыққа салынған балықшылар сақтық шараларын елемей жұқа мұз бетіне шығып өз өмірлерін қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады.
Ең алғашқы мұзды, сырғанақ тебу және өткел үшін қолдануға болмайды – алғашқы мұз жұқа, осал болады және адам салмағын көтермейді!
Суайдынның мұзының белгіленбеген жерлерінен өту өміріңіз үшін қауіп төндіреді. Сондықтан да жағадан мұзға шығатын жолды көрсететін белгісі бар және рұқсат етілген жерден өту керек. Тек салынған жолмен ғана жүріп, шетіне шығып кетуге мүлде болмайды.
Тұрғындар суайдын арқылы өтуге болмайтынын білулері және естен шығармаулары керек! Мұздың мықтылығын аяқпен теуіп тексеру қауіпті. Мұз үстіндегі қозғалыс кезінде қалың қар басқан телімдерді және қауіпті жерлерді айналып өту керек.
Қалыңдығы 7 см кем емес және жасылғылтым немесе көкшіл түсті мұз, өту үшін қауіпсіз болады.
Суайдындағы мұз тек қыстағы толық мұз қату кезеңінде ғана мықты болады. Бірақта бұл кезеңде де сырғанақ тебу және өткел үшін қауіпті орындар болады.
Оларға: өзеннің қатты ағысымен, жер асты суларының жоғарыға шығуынан, өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын жылы сулардан пайда болған ойықтар мен шұқанақтар, балықшылардың шұңқырлары жатады.
Су астынан балық аулаушылар үшін сақтық шаралары:
-
қатар-қатар бірнеше шұңқыр қазуға болмайды;
-
бір жерде көп топ болып жиналу қауіпті;
-
шұқанақтың қасында балық аулауға болмайды;
-
міндетті түрде 12-15 метрлік арқан алып жүру керек.
Егер сіз суға түсіп кетсеңіз: онда барлық ауыр киімдерден арылу және мұз бетінде ұстанып тұрып қатты мұзға шығуға тырысу керек.
Мұз астына түсіп кеткен адамға көмек көрсеткен кезде, өзіңіз қайғыға тап болмас үшін оған түрегеп тұрып жақындауға болмайды, аяқ-қолдарыңызды жан-жаққа жайып, жатқан күйде жақындау керек. Егер қол астыңызда ұзын ағаш, тақтай, арқан немесе басқа да заттар болса, оларды көмек көрсету үшін қолдану керек. Ал егерде ештеңе жоқ болса, онда белбеуді, шарфты, куртканы қолдануға болады.
Бірақта кейде көмек көрсету үшін ешқандай да зат болмай қалатын жағдайлар болады. Ондай кезде бірнеше адам мұзға жатып, бір-бірінің аяқтарынан ұстап тіркесіп зардап шегушіге жақындайды, ал бірінші адам белбеуді, арқанды және т.б заттарды зардап шегушіге береді.
Зардап шегушіге тез арада құрғақ аяқ киім және киімдер кигізіп, тәтті бірдеңе жегізу, ыстық шәй беру және оны қатты қимылдаттыру; оны мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет.
Ешқашанда ішімдік беруге болмайды – бұл жағдай өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Ең бастысы – салқынқандылық таныту керек, өйткені тіпті жүзе білмейтін адам да киімнің астында пайда болған ауа жастықшасының әсерінен су бетінде біразғана уақыт тұра алады. Сонымен қатар суық суда қолдарыңыз қатып, киімдеріңіз су болып қалмау үшін тезірек қимылдау қажет.
10-15 минут мұзды суық суда болу өміріңіз үшін қауіпті!
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Уақтылы қолданған мұздағы қауіпсіздік шаралары Сізді қайғылы жағдайдан сақтайды!