«Мықты отбасы – болашақтың іргетасы: табысқа бірге қадам басу» атты жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы
18.09.2026 жылы «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ-да «Мықты отбасы – болашақтың іргетасы: табысқа бірге қадам басу» атты жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп-интернат директоры А.Т. Джетыбаева кіріспе сөз сөйлеп, ата-аналарды мектеп жарғысымен, күн тәртібімен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ж.Б. Хасенова «9 айдағы 9 іс-шара» жобасын жүзеге асыру кезеңдері туралы қысқаша баяндама жасап, жобаның негізгі сәттері қамтылған бейнероликті көрсетіп шықты.
Педагог-психолог А.С. Чечулина «Отбасы және мектеп: табысқа жету формуласы» тақырыбында баяндама жасады.
Аға тәрбиеші А.Н. Нурсапаева «Жол қауіпсіздігі: балаларды жол-көлік қауіптерінен қорғау бойынша отбасы мен мектептің бірлескен стратегиясын әзірлеу» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналар назарына презентация ұсындыды.
«Негізгі орта мектеп-интернат» КММ-нің тәрбиешілері барлық сыныптарда ата-аналар жиналыстарын өткізіп, онда ата-аналарға балаларының сыныптарындағы жаңалықтары мен олардың оқу үлгерімі туралы ақпарат берілді.
В КГУ «Основная средняя школа-интернат» 18.09.2026 года было проведено общешкольное родительское собрание на тему «Крепкая семья – основа будущего: шагаем к успеху вместе».
Со вступительным словом выступила директор школы-интернат Джетыбаева А.Т., которая ознакомила родителей с уставом, режимом и правилами школы-интернат.
С кратким отчетом о реализации этапов проекта «9 мероприятий на 9 месяцев» и с видеороликом-дайджестом (хроники ярких моментов) выступила заместитель директора по ВР Хасенова Ж.Б.
С презентацией и докладом на тему «Семья и школа: формула успеха» выступила педагог-психолог Чечулина А.С.
С презентацией и докладом на тему «Дорожная неприкосновенность: выработка совместной стратегии семьи и школы по защите детей от транспортных рисков» выступила старший воспитатель Нурсапаева А.Н.
Во всех классах воспитатели КГУ «Основная средняя школа-интернат» также были проведены родительские собрания, где родители были ознакомлены с новшествами в их классе и с успеваемостью своих детей.
