Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы » Основная - средняя школа-интернат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Негізгі орта мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232)76-63-11
Есепші бөлімі:
+7(7232)76-63-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
16
қыркүйек
2022

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

 2022 жылыдың 16 кыркүйегінде мектеп-интернатта "Кәмелетке толмаған оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа ата-аналар, мектеп әкімшілігі, Үлбі ПБ полиция капитаны А. А. Токенова, медицина қызметкері С. М. Васяева қатысты.

Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:

1) кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.

Полиция капитаны Токенова Ақниет Арманқызы ата-аналардың назарына кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынасқа түскені үшін ата-аналардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы туралы ақпаратты жеткізді.

2) ерте жүктіліктің алдын алу.

Мектеп-интернаттың медицина қызметкері Светлана Михайловна Васяева ата-аналарға бала арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша тәрбие жұмысын жүргізудің маңыздылығы туралы түсінік берді.

3) жол-көлік жарақатының алдын алу.

Қоғамдық инспектор Наталья Николаевна Пилипенко өз сөзінде жол қозғалысы ережелері бойынша жарақаттанудың алдын алу бойынша ережелер шеңберін белгіледі, олармен оқушыларды, ең алдымен отбасында таныстыру қажет. Ата-аналарға ЖҚЕ бойынша жадынамалар таратылды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив