1-9 сыныптарда парасаттылық сағаты өткізілді.



06.09.2022 жылы мектеп-интернатта Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған 1-9 сыныптарда парасаттылық сағаты өткізілді. "Мұхтар мұрасы – парасаттылықтың бастауы" тақырыбындағы бейнесабақты қарау барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы оқушыларға әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарының, сондай-ақ жақсы білімнің маңызы түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының адами құндылықтар туралы философиялық көзқарастарымен танысты.
Өз шығармаларымен адалдықты мұра еткен Мұхтар Әуезов: "өз күшіңізге сенбеңіз, адал іске сеніңіз. Кез - келген бизнестің сәттілігі үшін үш шарт бар: алдымен – тілек, содан кейін-күш пен тәртіп". Ол адалдық пен парасаттылықты адамның ең құнды қасиеттерінің бірі деп санады. Іс-шара 10 педагог 158 оқушы қатысты.