01
ақпан
2022
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"онкүндігінің ашылуы өтті
01.02.2022 жылы "Негізгі орта мектеп-интернат" КММ-де "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"онкүндігінің ашылуы өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, "Өзін-өзі тану"пәні арқылы үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі тану мұғалімдері С.А. Назарбаеваның адамгершілік-рухани тәрбиесі бойынша жоба авторының өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Қойылым "Барлығы махаббаттан басталады" бейнефильмімен сүйемелденді. Қойылым ашылуы оқушылардың "Өзін-өзі тану" пәні туралы сөз сөйлеуімен жалғасты, онда олар жанашырлық, бір-бірімен ынтымақтастық, жақсылық жасау, өз Отанының патриоты болуды үйренеді. Соңында онкүндікті өткізу жоспарымен таныстырып, жылы достық атмосферада "Жақсылық жолымен"әнін орындады.






